"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Тағдыр таразысындағы ұлт

«Тағдыр таразысындағы ұлт»

«Бір ел – бір кітап – 2026» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы таңдалған болатын. Акция аясында жазушының шығармашылығын насихаттау мақсатында кітапхана қызметкерлері «Тағдыр таразысындағы ұлт» атты әдеби бульвар ұйымдастырды. Іс-шара қаланың ең көрікті орны – демалыс саябағында өтті. Оқырмандар қаламгердің шығармаларымен танысып, оның туындыларындағы ұлттық құндылықтар, тарихи тағылым және адам тағдырының көркем бейнеленуі жөнінде мол мағлұмат алды.