"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
29.04.2019 ж. «Қазақстан- бірлік пен татаулықтың мекені»

 

Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханамызда  2019 жылы 29 сәуір күні   «1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі» мерекесіне орай «Қазақстан- бірлік пен татаулықтың мекені» атты кеш өткізілді.

 

Кештің мақсаты:  көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Осы шараға Арқалық мемлекеттік педогогикалық иститутының 1курс студенттерімен,  және де биылғы жыл Қазақстанда  Өзбекстан жылы болғандықтан, елімізде тұратын өзбек өкілдері, АрМПИ-ның 1курс студенттері Нұржанова Зулхумор мен Рахимжанова Дильдора  кешімізге қонаққа шақырылды.

 

Олар өзерін таныстырып, Елімізге ризашылығы шексіз екенін айтып  алғыстарын білдірді. Осы іс- шараға Уралбаева Данара мен Арун Раушан «Арнау», «Достық» өлең шумақтарын арнаса, Амандық Бейсенбай, Гүлзинеп Ниетбек , Ерболат Елай сынды аншілер қазақша және турікше өлендерін айтса, Аубакирова Жансая мен Марат Меруерт қыздарымыз қазақша және өзбекше биден шашу шашты. Кеш соңында оқырмандарга «Қазақстан- бірлік пен татаулықтың мекені» атты  көрмеге шолу жасалды.

 

.