"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«От кешкен ақынның өшпес ізі»

08.05.2026

№2 ОӘҒК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері, ақын Ғали Балғабекұлы Әбішевтің туғанына 120 жыл толуына орай «От кешкен ақынның өшпес ізі» атты тағылымдық кеш өткізілді.

Аталған іс - шараға Ұлы Отан соғысының қасіретін бастан кешкен майдангер ақынның ұрпақтары - ұстаз, доцент, ҚР Оқу ісінің үздігі, зейнеткер П.Ә Ахметова; ұстаз, аудармашы, «Құрметті теміржол ардагері», зейнеткер Р.Ғ. Әбішева; және атамыздың туған - туыстары мен Арқалық қаласының құрметті азаматтары шақырылды.

Ы.Алтынсарин атындағы АрқПУ студенті Құлажанова Ақнияның «Арқалықтың дария ақыны» атты мазмұнды да, ғұмырнамалық баяндамасымен ашылған кеште қаламыздағы Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта мектебінің оқушылары «Алаш аманаты» күйін орындап, бабадан балаға аманат болып жеткен айтыс өнерінен үзінділер көрсетті.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ғабсалықұлы, «Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Ж.Жақсылыққызы, Ғ.Әбішев атындағы арнайы сыйлықтың иегері, Ғали Балғабекұлының інісі И.Шалдыбаев, айтыстың ақтаңгері А.Қалиев, Қайыңды ауылы Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы М.Қ. Абдеева сөз алып, Ғ.Әбішевтің өнегелі жолы мен елі үшін атқарған еңбектеріне тоқталды. Кеш ақынның терең мағыналы өлеңдерімен қорытындыланды. Іс - шара соңында Әбішевтер әулеті кешке қатысушыларға арнайы дайындаған кәдесыйларын тарту етті.