"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Тарих тылсымының тамыршысы»

25.04.2019 ж.


2019 жылы 25-сәуір  күні Арқалық қаласындағы № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімінде 23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай, Қ.Р.тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру » атты бағдарламасының аясында  қалың оқырман қауымға қаламы жүйрік журналист, дарынды жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ғалым  Қойшығара Салғараұлының 80 жас мерейтойына  арналған: «Тарих тылсымының тамыршысы» атты тарихи танымдық кеш өтті.


Танымдық кешке Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік  педогикалық инстутымыздың аға оқытушысы Жармағанбетов Ербол Ербатырұлы тарих және  бастауыш оқыту факультетінің студенттерімен,  №4 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Бекентаев Сұңғат Жұмабекұлы 10 сынып оқушыларымен, Медицина колледж студенттері мен кураторы Байгереева Гүлжанат Серікқызы және қала жастары ат салысты. Сонымен қатар қонақжайымыздың  алдыңғы  қатарына қаламыздың  құрметті  қариялары,  жазушының  замандастары, аралас-құралас достары, бірі ағасы, бірі інісі болып сыйласқан: Алматов Өрекен атамыз, Раул Қамбарұлы және өлкетанушы Шөптібай Байдилдин ағаларымыз жарасым таба жайғасты. Қойшығара ағамыз тарихымыздың ақтандақ беттерін ашуға жанкештілікпен ат салысып, ұлтымыздың ұлы мұраттарына қалтықсыз қызмет етіп жүрген көрнекті жазушы, тарланбоз тарихшы  екенін аталарымыз айтып өтті.

Кеш барысында студенттер Қойшығара ағамыздың өскен ортасын, араласқан достары туралы және еңбек жолдарын бейнежазбадан тамашалады. Қойшығара Салғараұлының романдары, тарих тақырыбына қалам тартқан  көлемді еңбектері қалың қауымға таныстырылды. Кеш соңы  мерейтой иесіне арналған әсем әнмен аяқталды.

Қатысушылыр саны:55