"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Торғай өңірінің мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан алғашқы кәсіби музыкант, Қазақ КСР - інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Төкен Сауытбайұлы Елтебаевтың 90 жылдығына арналған еске алу сағаты өтті

30.04.2026

Торғай өңірінің мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан алғашқы кәсіби музыкант, Қазақ КСР - інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Төкен Сауытбайұлы Елтебаевтың 90 жылдығына арналған еске алу сағаты өтті. Кеш барысында Төкен Сауытбайұлының мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековпен бірлесе атқарған игі істері кеңінен сөз болды. Ұлттық өнердің қайта жаңғыруына өлшеусіз еңбек сіңіріп, әйгілі «Шертер» ансамблінің негізін қалауы, қазақтың көне музыкалық аспаптарын жаңғырту жолындағы табанды еңбегі ерекше құрметпен аталды.

Тағылымды шараға Арқалық қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров, Төкен Сауытбайұлының қызы - Арқалық қаласы мәслихатының төрайымы Гүлбану Төкенқызы қатысып, естеліктерімен бөлісті. Өнерге ғұмырын арнаған асыл азаматтың өшпес мұрасы - бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес рухани қазына.