Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты XXXVIII облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі аясында Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен ұлт мәдениетін асқақтатқан тарихшы, этнограф, ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған «Рух сардары» атты жылжымалы кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Келушілерге ұлт жанашырының төл еңбектері, бірге қызмет атқарған тұлғалардың естеліктері топтастырылған әдебиеттер және Ө. Жәнібековтің мәдениет саласына қосқан өлшеусіз үлесін айшықтайтын нышандар мен тағылымды нақыл сөздерден өрілген «Өзағаңның өмірлік ағашы» атты көркем туынды таныстырылды.
«Рух сардары»






















