23.04.2026
23 сәуір - Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай кітапханамызда «Book & Emotion» атты ерекше форматтағы шығармашылық эстафета ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты - кітапты тек ақпарат көзі ретінде емес, жанға әсер ететін рухани құндылық ретінде таныту.
Мерекелік іс - шара барысында сөз өнерінің киесін жүрегімен сезінген, рухани әлемнің шырақшылары - кітапханашылар әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің сезімі мен тағдырын әсерлі түрде жеткізді. Оқырманға әр кейіпкердің ішкі жан дүниесі терең эмоция арқылы ұсынылды. Осындай ерекше формат кітап мазмұнын құрғақ баяндаудан алыстатып, оны жүрекпен сезінуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде оқырман мен кітап арасындағы рухани байланыс нығайып, қатысушылар әдебиеттің шынайы құндылығын тереңірек түсіне алды.






















