Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті жазушысы, белгілі қоғам қайраткері Қоғабай Сәрсекеевтің туғанына 80 жыл толуына орай арналған «Өлкенің дарабоз дарыны» атты кеш – портрет өтті.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері белгілі жазушы Қоғабай Сәрсекеевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтер баяндалды.
Мақсаты: Оқырмандарға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қостанай, Торғай қалаларының Құрметті азаматы Қоғабай Сәрсекеевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндау.
Қазақтың кең даласына теңеп, даңқына бас иген замандастарының бірі Оразақын Асқар:
Кеңдігі Сарыарқаның даласындай
Қазақта жігіт қайда Қоғашымдай.
Бұл күнде кім білмейді Қоғабайды,
Халқы үшін тау, көтерген Толағайды. – деп өлең арнаған.
Іс – шарамызға арнайы шақырылған құрметті қонақтары болып ардагер, қаламыздың құрметті азаматы Алматов Өрекен, еңбек ардагер Бектұрғанов Рақымжан, оюшы, өлкетанушы, Арқалық қаласының құрметті азаматы Байділдин Шөптібай, АРГПИ филология факультетінің оқытушысы Абдуллина Ардақ Әмірханқызы, ақын ағамыздың інісі Шойбасов Қуанышбек және жерлесі, замандасы Алиев Қапеш аға қатысып, Қоғабай ағамыз жайлы өз – ойларын ортаға салып, көптеген мәнді,мағыналы мәліметтер мен ақын ағамызбен бірге өткізген естеліктерге толы әңгімелерін паш етіп, кітапхана ұжымына алғыстарын жаудырды.
Сонымен қатар қаламыздағы экономика колледжінің ІІІ – курс студенті Умирзаков Ерасыл Әбжан Әбілтай ағамыздың «Мен оны өлмейтіндей көруші едім» атты арнауын оқып, жазушы Қоғабай Сәрсекеевтің «Қызыл жалау» шығармасына зертеу жұмысына талдау жасады. Сондай – ақ «Өлкенің дарабоз дарыны» атты кітап көрме ұйымдастырылып шолу жасалынды.
Іс – шара соңында кітапханамыздың абонемент бөлімінің меңгерушісі Абаканова Назира Нұрсұлтанқызы қорытындылады. Кеш – портретке қатысушылар өздеріне рухани байлық алып, жазушы Қоғабай Сәрсекеев жайлы көптеген деректермен таныс болды.
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/496-23-04-2019-zh-lkeni-daraboz-daryny.html#sigProId0fc998815c