23.04.2026
«Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген Ғабит Мүсіреповтің тағылымды сөзі әрдайым өзектілігін жоймақ емес. Осы бір терең мағыналы ойды арқау ете отырып, Ұлттық кітап күні аясында өтіп жатқан Кітап апталығы шеңберінде кітапхана оқырмандарының жүрек түкпірінен шыққан шынайы ойлары мен кітаптан алған әсерлерін тоғыстырған «Кітап менің айнымас досым» атты оқырман бенефисін назарларыңызға ұсынамыз.






















