"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Кітап - шекарасыз достық елшісі»

23 сәуір - Ұлттық кітап күні қарсаңында өтіп жатқан апталық аясында кітап оқуды насихаттау, аударма өнерінің маңызын таныту және әдебиет арқылы халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында «Кітап - шекарасыз достық елшісі» атты әдеби - танымдық іс - шара өтті.Кездесудің қонағы - ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, аудармашы Абылай Фазылханұлы Мауданов. Кездесу барысында Абылай Фазылханұлы өзінің шығармашылық жолы, поэзиядағы ізденістері мен аударма саласындағы тәжірибесі туралы әңгімеледі. Әсіресе, автордың «Дайдидау» поэмасының жазылу тарихы мен оның идеялық мазмұны қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар, әлем әдебиеті классиктерін қазақ тіліне аударудың маңызы, қазіргі оқырман талғамы және жастардың кітап оқуға деген қызығушылығы жайында пікір алмасу өтті. Осындай әдеби кездесулер оқырман мен қаламгер арасындағы байланысты нығайтып, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыра түсетіні сөзсіз.