21.04.2026
Бүгін Ұлттық кітап күні аясында өтіп жатқан Кітап апталығы шеңберінде Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана саласына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлға Нәзира Дәулетованың 100 жылдығына арналған «Кітапхана - ғылым мен руханияттың алтын көпірі: Нәзира Дәулетова тәжірибесінен тағылым» атты аймақтық зерделі кеңес өтті.
Іс - шара Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы басшысы Безаубек Сәния Серікқызының құттықтау сөзімен ашылды. Кеңес барысында Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Баймұханбетова Гүлмира Абусагитовна, Арқалық қаласындағы №2 ОӘҒК басшысының орынбасары Смагулова Ж.К., Жангелдин ауданы Қалам - Қарасу ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қойшығұл Л.Б., Амангелді ОКЖ әдіскері Бірмағамбетова Ж.Б., сондай - ақ ақпараттық - сервистік қызмет көрсету секторының меңгерушісі Грибовский Р.А. қатысып, Нәзира Дәулетованың ғылыми мұрасын арқау еткен мазмұнды баяндамалар жасады. Қатысушылар назарына «Кітапханашы тағдыры - тағылымды жол» атты кітап көрмесі ұсынылды. Танымдық мәні зор басқосу «Өткеннің ізі - бүгінгі кітап сөресінде» тақырыбындағы экскурсиямен жалғасып, кітапхана тарихы мен рухани мұрасы кеңінен таныстырылды. Шара соңында облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының 55 жылдығына арналған эссе байқауының жеңімпаздары марапатталып, «Кітапхана - парасат пен руханият мекені» атты мерекелік кешпен түйінделді.






















