"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Сөз сарайының сәулесі»

19.04.2026

Ұлттық кітап күніне орай өткізіліп жатқан Кітап апталығы аясында «Кітап lab» клубының ұйымдастыруымен қазақ айтыс өнерінің ақтаңгер ақыны, 2025 жылғы «Алтын домбыра» иегері Айбек Қалиевпен «Сөз сарайының сәулесі» атты ашық әңгіме алаңы өтті.

Айтыс сахнасында өзіндік үнімен, өткір ойымен дараланған ақынмен жастардың еркін пікір алмасуына мүмкіндік жасау, рухани байланыс орнату мақсатында өткізілген шарада Айбек Киікбайұлының өнегелі өмір жолы мен шығармашылық белестері кеңінен сөз етіліп, қатысушылар тарапынан мазмұнды сауалдар қойылды. Ақын өз кезегінде өнер жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, жас буынға бағыт - бағдар беретін тағылымды ойларын ортаға салды. Дала өлкесі тарихы мұражайының ғылыми қызметкері, айтыскер ақын Батырлан Сағынтаев «Шыңырау» атты арнау өлеңін оқып, ұстазына жылы лебізін білдірді. Іс - шара ақынның өмірі мен шығармашылығында қатар жүрген жақын достарының жүрекжарды бейне сәлемдемелерімен түйінделді.