Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған Кітап апталығы жерлес ақын Серік Тұрғынбекұлының 80 жасқа толу мерейтойына арналған «Серпінді сері ақын» атты поэзия кешінде жалғасын тапты. Мазмұны терең, рухани мәні зор бұл кеште Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихи облыстық мұражайының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы және ақынның туыстары - Болтай Мұратқалиқызы мен Гүлбаршын Ибраһимқызы ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылық жолы жайлы тағылымды әңгімелерімен бөлісті.
Іс - шараға Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің 3 курс студенттері қатысты. Ақынның жүрек тебірентерлік жырлары оқылып, оның сөзіне жазылған «Біздің Торғай» әні шырқалып, поэзияның терең мәні мен ақын шығармаларының рухани құндылығы насихатталды. Ақын шығармашылығындағы елге, жерге деген сүйіспеншілік, ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтар жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға үлкен серпін берді.






















