"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
22.04.2019 «Айтыс жырдың дүлдүлі»

Облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының әдістеме-библиография бөлімінің ұйымдастыруымен «23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне» орай Қазақстанның халық ақыны, айтыскер-сазгер, жазушы-сатирик, журналист Қонысбай Әбілге арналған «Айтыс жырдың дүлдүлі» -атты жаднаманың тұсау кесер рәсімі өткізілді.

 

Қазақ тарихы күймен жазылған, шежіресі шешендікпен өрілген, өмірі әнмен әспеттелген, өнер десе ішкен асын жерге қоятын талантты халық. Сәйкесінше...Ел бастаған көсемдерге, сөз бастаған шешендерге кемде емес. Солардың бірі де бірегейі жас кезінен  есімі елге танылған, отызында орда бұзып, ел аузына ілінген, халық ақыны Қонысбай Әбілге арналған жаднаманың бірінші бөлімі «Өмірді жырымен өрнектеген», бұл бөлімде айтыскер ақынның өмірбаяны берілген.

 

Жаднаманың екінші бөлімі «Ақберген жырға адалдық» айтыскердің шығармашылығы жайлы, айтыс – арқалыларымен айтысқан өнері, шығармалары, мерзімді басылымдағы жарияланымдары, ол туралы және шығармалары мен өмірінен фотосуреттері енгізілген. Жаднаманың үшінші бөлімі «Жыр қанатың талмасын» атты ақын ағамызға арналған үзенгілес ағалары, соңынан ерген ақын інілерінің арнаулары, лебіздері, өлеңдері жинақталған.

 

Бұл іс-шараны өткізудегі мақсатымыз  оқырмандарға Қонысбай Әбілге арналған  «Айтыс жырдың дүлдүлі» жаднамасын  насихаттай отырып, айтыскер ақынның жетістіктерімен таныстырып, сонымен қатар келешек ұрпақтың бойына ұлттық намыс, ұлттық мінез қалыптастырып, білімді де саналы, жігерлі жастарды тәрбиелеу. Кеш қонақтары, тұсау кесеріміздің кейіпкері Қонысбай Әбілдің апасы Әбілова Ақторта Іскендірқызы, Торгай Агротехникалық колледжінің қазақ тілі-әдебиет пәнінің мұғалімі айтыскер ақын Балмашева Бағила Кенжеғалиқызы, айтыс ақындарының жүлдегері атанып жүрген, облыстық «Дала өлкесі тарихы» мұражайының ғылыми қызметкері Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы, Жастар ресурсының директоры Ахметжанов Амангелді сөз алып, айтыскер ақын жайлы жақсы лебіздерімен бөлісті.

 

Әбілова Ақторта Іскендірқызы Қонысбай Әбіл ағамыздың сазгерлігінің дәлелі «Бала махаббаты» атты  әнін, Балмашева Бағила Кенжеғалиқызы ағамыздың «14 жасар қыздың зары» атты әнін шырқап, айтыстан үзінді орындап, іс-шараны  әрі қарай өрбітті. Тұсау кесерге  Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің  3 курс студенттері қатысып, өлкемізден шыққан Қонысбай Әбілдің өмірдерегі мен шығармашылығы жайлы көптеген мәліметтер алды. Қонақтарымызға ескерткіш сыйлық ретінде жаднаманы тарту еттік.

 

.