"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Эссе байқауы өз мәресіне жетті

2026 жылғы 11 наурыз - 10 сәуір аралығында Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының 55 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған эссе байқауы өз мәресіне жетті. Аталған байқауға республика өңірлерінен оқырмандар белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

Бүгін байқауға ұсынылған жұмыстарды саралап, жеңімпаздарды анықтау мақсатында әділқазылар алқасының отырысы өткізілді. Әділқазылар алқасының құрамына Кейкі батыр атындағы жалпы білім беретін №4 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.А.Утебаева, кітапхана ісі жөніндегі басшының орынбасары Ж.К.Смагулова, ақпараттық - библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Ж.К.Абжанова кірді. Байқау қорытындысы 21 сәуір күні жарияланып, әділқазылар алқасының шешімі негізінде анықталған байқау жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталады.