"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ұлт әдебиеті - ұрпақ мұрасы»

16.04.2026

Бүгін Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған «Ұлт әдебиеті - ұрпақ мұрасы» атты Кітап апталығы «Кітаппен сәулелі болашаққа» атты ашық есік күнімен бастау алды. Кітап апталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Мешітбай Қайыржанұлы өз сөзінде оқырман қауымды және кітапхана ұжымын Ұлттық кітап күнімен және Кітапханашылар күнімен құттықтап, кітаптың қоғамдағы орны мен маңызына ерекше тоқталды.

Іс - шара барысында оқырмандар назарына бірқатар мазмұнды көрмелер ұсынылды. Атап айтқанда, «Кітапхана - руханият ордасы» атты кітапхананың 55 жылдығына арналған көрме - экспозиция, «Менің қалам - менің жүрегімде» атты Арқалық қаласының 70 жылдығына арналған көрме - панорама, жергілікті басылымның мерейтойына орай «Торғай таңы - тарих пен тағылым» тақырыптық көрмесі, сондай - ақ «Жаңа кітаптар - оқырман игілігіне» атты жаңа кітаптар көрмесі көпшілікке таныстырылды. Сонымен қатар, келушілер үшін «Көңілді кітаптар әлемі» квест - ойыны, «Көркем әдебиет керуені» әдеби турнирі, «Жүрекке жылу сыйлаған жолдар» арт - терапиясы және «Әр кітап - жаңа әлем» атты монополия - көрме ойыны ұйымдастырылды. Өткізілген әрбір көрме мен мәдени іс - шара ұлттық әдебиетті насихаттауға, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға және жас ұрпақты білім мен руханиятқа баулуға бағытталған. Барша қала тұрғындарын Кітап апталығы аясында өтетін мазмұнды іс - шараларға белсенді қатысып, рухани дүниесін байытуға шақырамыз. Кітаппен бірге сәулелі болашаққа қадам басайық!