"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Қаралы сәуір: Чернобыль қасіреті»

07.04.2026

№2 ОӘҒК ұйымдастыруымен Арқалық политехникалық колледжінде Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарына құрмет көрсету, олардың ерлігін есте сақтауға арналған «Қаралы сәуір: Чернобыль қасіреті» атты тағзым сағаты өткізілді. Іс - шара барысында 1986 жылғы Чернобыль апатының адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі екені баяндалып, оның қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізген ауыр зардаптары талданды. Сонымен қатар, тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, тарихи деректер мен бейнематериалдар арқылы қатысушылардың оқиға жайлы түсінігі тереңдетілді.