16.04.2019 ж
«Әбділда шығрмаларының негізгі үлгісі,
жанры – поэзия. Бұл жанрдың ішінде айқын
ерекшелігі оның сыршыл, лирик ақын болуында»
М.Әуезов.
Биылғы жылы «Бір ел, бір кітап - 2019» республикалық акция бойынша сырда туған сыршыл ақын Әбділда Тәжібаевтың лирикалық өлеңдері мен әдебиеттің заңғар тұлғасы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасын насихаттау таңдалынып алынған болатын. Акция аясында осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты - Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына орай Арқалық қаласындағы № 2 ОӘҒК оқу залы бөлімінің ұйымдастырылуымен «Қазақ лирикасының тарихы» атты поэзия кеші өтті. Кеш Ы.Алтынсарин атындағы АрМПИ-ның № 1 студенттер үйінде, 1-курс студенттері арасында өткізілді.
Мақсаты –«Бір ел, бір кітап – 2019» акциясы аясында Әбділда Тәжібаевтың өмірбаяны мен шығармаларын таныстыру, өлеңдерін оқырмандарға кеңінен насихаттау болып табылады.
Кеш барысында слайдтар, бейнероликтер арқылы ақынның өмірбаяны мен шығармалары таныстырылып, бірнеше студенттер өлеңдерін өз нақышына келтіріп, жүрек тебіренте оқып берді. Жастардың бойынан поэзияға деген құштарлықтарын анық сезіп, жырдан ғана ләззат алдық.
«Жалғандықтар жосалап жанын осып,
Күн кешетін сәт сайын жанып-өшіп,
Бір құдірет керек қой
Жер бетінен әулиенің кеткенде бәрі көшіп.
Өмір - дауыл, тұрмайды тас қажалмай,
Жанарың да, жырың да жасқанардай.
Шүкір, жырда бір патша болғанына
Баратқанда жалғанда патша қалмай!» - дегендей, осындай таланттарын ардақтай білген, аялай білген халыққа, замана шындығына бас иеміз.