"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Қазақ рухының қара нары» және санаға сәуле құятын киелі шаңырағымыз - кітапханамыздың 55 жылдығына арналған «Кітапхана - руханият ордасы»

21.03.2026

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында үндесіп, бір арнаға тоғысқан қос көрмеге ұлт жанашырының өз кезеңінде айтулы жаңалық болған төл туындылары мен онымен қызметтес болған қайраткерлердің естеліктері жинақталған әдебиеттер, кітапханамыздың құрылу тарихы жайлы тың мәліметтерден құралған ақпараттық стенд ұсынылды. Ө. Жәнібековтің мәдениеттің сан алуан саласына қосқан өлшеусіз үлесін бейнелейтін нышандар мен тағылымды нақыл сөздерден өрілген «Өзағаңның өмірлік ағашы» атты көркем туынды мен Арқалық қаласының 70 жылдығына арналған мета - галерея көрмеге жиналған қауымға терең рухани әсер сыйлады.