21.03.2026
Әз - Наурыз мейрамы қарсаныңда, Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Наурыз» алаңында, қазақ халқының салт - дәстүрін, мәдениеті мен өнерін терең зерттеп, оның келешек ұрпаққа жетуіне алтын көпір болған тарихшы, этнограф, ғалым, еліміздің тарихы мен мәдениетінің шынайы жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған «Қазақ рухының қара нары» және санаға сәуле құятын киелі шаңырағымыз - кітапханамыздың 55 жылдығына арналған «Кітапхана - руханият ордасы» атты жылжымалы кітап көрмесі оқырмандар мен келушілердің назарына ұсынылды.






















