20.03.2026
20 наурыз - Ұлттық спорт күні. Ұлттық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау - бүгінгі күннің басты құндылықтарының бірі. Осы айтулы мереке аясында, Қазақстанның ауыр атлетикадан алты дүркін чемпионы, КСРО спорт шебері Гайдар Саржановтың туғанына 70 жыл толуына арналған «Темірдей төзім - тұлғалы тарлан» атты тұлғатану сағатын назарларыңызға ұсынамыз. Тағылымды шара қайсарлық пен табандылықтың үлгісін танытқан спорт саңлағының өмірі мен жетістіктерін дәріптей отырып, оның қайсарлығы мен қажырлы еңбегі арқылы жас ұрпақты еңбекқорлыққа және жеңіске ұмтылуға жігерлендіруге бағытталған.






















