"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
Наурыз мейрамы ерекше сән - салтанатпен аталып өтті

19.03.2026

Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында Наурыз мейрамы ерекше сән - салтанатпен аталып өтті. Мерекелік іс - шара ұлттық дәстүр мен салт - сананы ұлықтауға арналды. Кеш шымылдығы шашумен ашылып, Қыдыр ата келіп, ақ батасын беріп, көпшілікке ізгі тілегін арнады. Наурыз көже пісіру дәстүрі көрсетіліп, қазанға әр тағам салынған сайын ақ тілектер айтылып, оның тәрбиелік мәні түсіндірілді. 19 наурыз - Жаңару күнінің көркем бейнесі, жаңа бастамалар мен жарқын үміттің символы ретінде Наурыз ханшайымы ортаға шығып, көктемнің келуін, табиғаттың қайта тірілуін, жаңа өмір кезеңінің басталғанын бейнеледі. Кеш барысында киелі аспаптар - қобыз, жетіген, домбыра үні шырқалып, ән мен би орындалып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Қатысушылар арасында арқан тарту, қол күрес ұлттық ойындары ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ - береке, бірлік пен молшылық әкелсін!