"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
18 наурыз - Ұлттық киім күні

18.03.2026

Бұл күн - қазақы рух пен сәннің үндестігін айшықтап, ұлы мұрамызға деген құрметті арттыратын маңызды мереке.

Ғасырлар бойы тамырын үзбей, ұлтымыздың болмысын айшықтап келген ұлттық киім - тек сән үлгісі емес, ол - тарих, тәрбие, талғам. Биыл біз осы құндылықты тереңірек таныту мақсатында Өзбекәлі Жәнібековтың «Қазақ киімі» атты құнды еңбегін негізге алдық. Бұл кітапта халқымыздың дәстүрлі киім үлгілері, олардың мән-мағынасы мен ерекшеліктері жан-жақты баяндалған.

Ұлттық киімді киюді сәнге айналдырып қана қоймай, оны мақтан тұту - әрбір қазақтың парызы.

Өйткені ұлттық киім - ұлттың жаны, ұлттың рухы.