18.03.2026
Ұлттық киім күніне орай Ш. Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінің 10 «А» сыныбы оқушыларымен «Наурыз - өнер мен дәстүр тоғысы» тақырыбында библиквиз ұйымдастырылды.
Ұлттық киім - халықтың тарихы, мәдениеті мен дәстүрдің айнасы. Бұл күн - халқымыздың сәндік - қолданбалы өнерін, киімдегі терең мағынаны ұғынып, ұлттық рухты сезінудің тамаша мүмкіндігі.
Іс - шара барысында қатысушылар қазақ халқының ұлттық киімдері, әдет - ғұрыптары, Наурыз мерекесінің мәні мен ерекшеліктері туралы сұрақтарға жауап беріп, тапқырлықтары мен білімдерін көрсете білді.






















