Ақын Әбжан Әбілтайдың 75 жасқа толуына орай Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттерімен «Айтары бар ақынның ақ берені» атты поэзия сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнежазба тамашаланып, кітап көрмесі таныстырылды. Шығармашылық иесінің қаламынан туған өлең жинақтарымен танысқан студенттер өлеңдерін оқып, сұрақ- жауап тапсырмаларын орындады.





















