16.03.2026
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр күніне орай, Арқалық политехникалық колледжімен бірлесіп «Салт - дәстүр - ұлттық рухани қазына» атты әдеби - музыкалық кеш өткізілді.
Ұлтымыздың ең киелі, асыл аспабы қобыздың қоңыр үнімен ашылған тағылымды кеште ақ дастархан жайылып, жиынға қатысушылар наурыз көжеден дәм татты. Шара барысында ұлттық ойындардан жарыстар өткізіліп, оқырмандар «Арқан тартыс» және «Қол күресу» сайыстарында күш сынасып, әдет - ғұрыптар мен салт - дәстүрлерге байланысты танымдық сұрақтарға жауап берді.
Тағылымды шара барысында колледж және кітапхана қызметкерлері ұлттық аспаптарымыздың сүйемелдеуімен әуезді әндерді шырқап, кеш қатысушыларына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Домбыраны жанына серік еткен өнерпаз оқырмандар «Балбырауын» күйін орындап, ұлттық өнердің асқақ рухын сезіндірді. Ел жадында сақталған «Көрісу» салтынан көрініс көрсетіліп, шашу шашылды және наурыз батасы берілді.





















