ОӘҒК №2 кітапханашыларының ұйымдастыруымен Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжінде Алаш қозғалысының көшбасшысы, көреген саясаткер Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған «Алаш көсемі – теңдік жаршысы» тақырыбында тарихи кеш өтті. Ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек еткен ұлтымыздың ұлы арысының туған күні қарсаңында өткізілген шара барысында Әлихан Нұрмұхамедұлының өмір жолы, қызметі, ұлт жолындағы игі істері жайлы тағылымды мағлұматтар беріліп, оның азаттық жолындағы табанды күресі мен саяси көзқарастарын танытатын «Тар заман» деректі фильмінен үзінді көрсетілді. Заманынан озған көреген күрескер жайлы көркем туындылар оқылған тағылымды кеште қайраткердің ұлт тәуелсіздігі жолындағы тарихи рөлі, қазақтың жазба мәдениетіне қосқан аса қомақты үлесі мен тағылымды өмір жолы жайлы сыр шертететін әдебиеттерден құралған жылжымалы кітап көрмесі таныстырылып, ұрпақ бойындағы ұлттық рухты көтеруге бағытталған «Үш дерек – бір тұлға», «Алаш көсемінің афоризмдері», «Шын немесе жалған» атты танымдық ойындар өткізілді.
«Алаш көсемі - теңдік жаршысы»





















