«Шағала көңілім, шарықта»
Қазақ поэзиясына сыршыл болмысымен келген ақын Шәміл Мұхамеджановтың 95 жылдығына арналған «Шағала көңілім, шарықта» атты поэзия кеші өткізілді.
Әдебиет пен өнерді ұлықтаған рухани кешке Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің аға оқытушылары – АрқПИ профессоры Абдуллина Ардақ Әмірханқызы, педагогикалық ғылымдар магистрі Әуезова Шынар Серікқызы қатысып, ақынның өнегелі өмірі мен шығармашылық жолы жайлы тағылымды әңгімелерімен бөлісті. Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері Даулет Айару, Бекетаева Қадиша, Алданғор Алпамыс, Тұрғанбек Наурызбектің орындауындағы ақынның «Махаббат хаттары» монологы, кітапхана қызметкері Айтбаев Еркінғазының орындауындағы ақынның сөзіне жазылған «Достарым» әні кештің көркемдік деңгейін айқындап, Шәміл шығармашылығының терең сырын ашты.





















