13.02.2026
«Ауғанның ақиқаты: тарих пен тағдыр»
ОӘҒК №2 кітапханашыларының ұйымдастыруымен Арқалық политехникалық колледжінде Ауған соғысы жауынгерлерінің ерлігін жас ұрпаққа үлгі ете отырып, оқырмандарды отансүйгіштікке, бейбітшілік пен татулықты қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында «Ауғанның ақиқаты: тарих пен тағдыр» атты ерлік сағаты өтті.
Тағылымды шарада Ауған соғысының тарихы, қазақстандық жауынгерлердің тағдыры мен ерен ерліктері жайлы әдебиеттерден құралған кітап көрмесі таныстырылып, сұрапыл соғыс жылдарының ызғарлы лебі суреттелген бейнематериал көрсетілді.
Жастарға бейбіт өмірдің қадірін ұғынуды дәріптейтін «Бейбіт күн тілегі» әні шырқалып, Ауған жеріндегі ұрыстың ащы шындығын жырмен өрнектеген майдангер ақындардың жырлары оқылды. Ерлік сағатына қатысушылар Ауған соғысы жайлы тарихи деректерге негізделген викториналық сұрақтарға жауап берді.





















