02.02.26
«Тарихи романдардың тарланы»
2026 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы таңдалған болатын. Акция аясында жазушының шығармашылығын насихаттау мақсатында Ш. Уәлиханов атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебінің 9 «А» сыныбы оқушыларымен «Тарихи романдардың тарланы» тақырыбында әдеби сағат өткізілді.
Іс-шара барысында қаламгердің өмір жолы мен таңдаулы туындылары таныстырылып, шығармалары бойынша ой-пікірлер айтылды.
Акция аясында жазушының шығармашылық мұрасын насихаттау жыл бойы жалғасын табады





















