"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Тарих төрінен сөйлеген үш алып»

20.01.2026

Оқу залында «Тарих төрінен сөйлеген үш алып» атты үш бөлімнен тұратын кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Іс - шараға Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Жұманов М.Қ., Ы.Алтынсарин атындағы АрқПУ Қазақстан тарихы және экономика негіздері кафедрасының аға оқытушысы, тарихшы - Елеуісов Б.А., Арқалық қаласындағы облыстық «Дала өлкесі тарихы» мұражайының орынбасары Сағынтаев Б.Ж., «Қостанай таңы» газетінің меншікті тілшісі, журналист Мұрат Жүнісұлы, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дауылбаева М.О. қатысты. Көрмеде қазақ халқының ел болуы жолында аянбай тер төккен, ұлт руханиятының асқақ шыңында тұрған тұлғалары - ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің, жыр алыбы Ж.Жабаевтың, Алаш қайраткері Ә.Бөкейханұлының өмірі мен қызметі жайында баяндайтын кітаптар мен қаламдарынан туындаған мұралары қойылған. Кітап көрмесі жыл бойы қызмет көрсететін болады.