Биыл қазақ елі тұғырлы тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының отыз төртінші жылына қадам басып отыр. Ұлтымыз ұлықтаған қасиетті күнге орай, сын сағатта қара басының қамынан ел мақсатын алға қоя білген жандардың ерлігі мен тәуелсіздік құндылықтарын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Тәуелсіздік құндылықтары - жастар көзімен» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс - шараға Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхамед» мешітінің бас имамы - Бақтыбай Н.А., қызметкерлері Хамзин Н., Нұрманғалиев А., Арқалық қаласындағы А.Құнанбаев атындағы мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, желтоқсан оқиғасының куәгері, Бекентаева Ж.Е. қатысып, тарихи күннің маңызы жайлы ғибратты ойларымен бөлісті.
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті студенттерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде жастар тәуелсіздіктің берер мүмкіндіктері жайлы ойларын ортаға салып, өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша қонақтарға сауалдар қойды. Тағылымды іс - шара жас ұрпақтың елін сүйетін, отаншылдық рухы берік тұлға болып қалыптасуына зор серпін берді.





















