10.12.2025
Ақын Әбу Сәрсенбаевтың 120 жылдығына орай Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжінде «Өмірге құштар өр тұлға» атты поэзия сағаты өткізілді.
Іс - шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы деректер ұсынылып, кітап көрмесі таныстырылды. Шығармашылық иесінің қаламы¬нан туған жинақтарымен танысқан студенттер арнау өлеңдерін оқып, сұрақ - жауап тапсырмаларын орындады. Ұлтын сүйген ұлағатты ұрпақ үшін Әбу Сәрсенбаев есімі әрдайым құрметпен аталады.





















