"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
11.03.2019 «Өнердің биік шынары»

Қазақ киносының шебері, театр өнерінің шыңын бағындырған тума талант иесі Әмина Өмірзақованың  туғанына биыл 100 жыл толды. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елімізде бірінші рет театр және кино әртісінің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатыр.


Қазақ анасының, әйелінің бейнесін сомдаған  ұлы актрисаға ұлы құрмет пен қошемет көрсетілуде.Сондай шаралардың бірі өнер секторының ұйымдастыруымен өткен «Өнердің биік шынары» тақырыбындағы танымдық кеш. Қазақ өнерінің тарихында қалған, сахна саңлағының өскен ортасы мен өмір жолына саяхат жасалды. Аяулы актрисаны тағдырдың қаталдығы мен уақыттың ауыр зардабы өнерге деген махаббатын сөндірген жоқ.

Өнердегі бірінші қадамы ән айтудан басталған екен, апайымыздың дауысы жақсы болғандықтан, қыздар хорына қабылданады. Одан әрі шығармашылығына кеңінен тоқталдық. Театр және кинодағы алғашқы рөлдері, жалпы 150-дей образды сомдаған актриса. Көрермен көзайымына айналған «Тақиялы періште» фильмінде Тана ананың болмысын бейнелеген, Әмина Өмірзақова, өзінің риясыз күлкісімен көрерменнің есінде. Дәл осы фильмнен оқырмандарға арнайы үзінді көрсетілді. Кешке көпшілік оқырман, жастар қатысып мол ғибрат алды.