04.12.2025
25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында зорлық - зомбылық, кемсітушілік және гендерлік теңсіздік мәселелеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған «Әйелдерге қатысты зорлық - зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық кампаниясы өткізілуде. Биылғы кампанияның ұраны: «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық - зомбылықты тоқтату үшін бірігейік».
Осы кампания аясында Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қала тұрғындарының зорлық - зомбылықтың түрлі көріністері және олардан қорғау тәсілдері туралы ақпараттандырылуын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кітапхана қызметкерлері құқықты қорғау және қолдау қызметтері туралы пайдалы мәліметтер қамтылған ақпараттық буклеттер дайындап, таратты.





















