"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
05.03.2019 «Анаға тағзым –ғұмырлық парыз»

Көктемнің ең шуақты мерекесі 8-наурыз екені даусыз. Аналарымызға, әже, әпке-қарындастарымызға арнайы құрмет, құттықтау білдіретін бұл күн -  нағыз ару көктемнің өзі сияқты. Өнер секторының ұйымдастыруымен осы мемлекеттік мерекеге арналған «Анаға тағзым –ғұмырлық парыз» тақырыбында сыр-сұхбат өткізілді.


Кеш әсем әнмен басталып, оқырмандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның басты мақсаты – қаладағы «Ана-дария» мектебінің аяулы ұстаздарын көпшілікке таныстырып, осы кісілердің ғибратты әңгімесінен тәрбие алу.

Кеш қонақтары – ардагер ұстаз, қоғамдық жұмыстардың көшбасшысы – Қалтаева Бақытжамал Аяғанқызы, ұстаз, мәдениет жанашыры Жақыпбекова Қарлығаш Жақыпбекқызы және ұстаз, зейнеткер – Нұрғалиева Күләйхан. Іс-шара сұхбат түрінде өрбіді, қойылған қызықты сұрақтарға нақты жауап алынды.


Жергілікті ақын Молдатай Жапарұлы аяулы аналар мен бойжеткендерді құттықтап, өзінің өлеңін тарту етті. Кеш соңында, сөз кітапхана әкімшілігіне беріліп, сый-сияпат көрсетілді.


Кешке белсенділік танытқан колледж студенттері мен мектеп оқушыларына, ұстаздарға алғыс білдіреміз.