"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Тағылымы терең тұлға»

05.11.2025

Қызмет көрсету бөлімі кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжі» мекемесінде 2025 жылы «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында таңдалған жазушы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған «Тағылымы терең тұлға» тақырыбында әдеби сағат өткізілді.

Іс - шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы деректер ұсынылып, кітап көрмесі таныстырылды. Аңызға бергісіз тағдыры бар Тәкен Әлімқұловтың өмірден өткеніне ширек ғасыр болса да, қаламынан туындаған шығармалары ел аузында, халық жүрегінде.