"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
05.03.2019 Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады

8-наурыз біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый-құрмет көрсету парызымыз. Себебі, бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана.


Осы көктемнің алғашқы  мерекесіне арналып, ктапханамыздың оқу залы бөлімінде «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады» атты көрме ұйымдастырылды. Көрме «Ардақты ана, батыр ана, ер ана», «Аналарды ардақтау – асыл дәстүр», «Әйел –әлемнің шуағы» және «Қыз - әдебімен көрікті» атты бөлімдерге бөлініп, соған байланысты кітаптар мен газет-журналдар қойылды. Халықаралық әйелдер күнінің шығу тарихы туралы айтып, жаңадан келген кітаптар мен журналдардағы салауатты өмір салтына байланысты мақалалармен таныстырылды. Сонымен қатар, Кітапханашылар өз оқырмандарына М.Мақатаев, М. Шаханов, Ф. Оңғарсынова, Қ. Мырзалиев   сияқты ақын-жазушылардың аналарға, қыздарға арналған өлеңдерімен таныстырып, тіпті, оқырмандар өлеңдерді нақышына келтіріп оқып берді.