"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Қазіргі кітапхана – жаңа буынның тұлғалық даму аймағы»
30.10.2025 ж.

30 қазан күні Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру және заманауи кітапхана қызметінің жаңа бағыттарын талқылау мақсатында «Қазіргі кітапхана – жаңа буынның тұлғалық даму аймағы» тақырыбында кәсіби шеберхана өткізілді.

Семинар барысында қатысушылар кітапханашының тұлғалық және кәсіби дамуы, оқырманмен тиімді байланыс орнату, инновациялық әдістерді қолдану сияқты маңызды тақырыптарды қарастырды.

Бағдарлама бойынша баяндамалар оқылып, «Тұлғаны таны – кәсіби шеберлігіңді шыңда» атты тренинг өткізіліп, әріптестер өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған сауалнамаға жауап бере отырып, алдағы уақытта жас ұрпақтың тұлғалық дамуына ықпал ететін клубтармен жұмысты күшейту және кітапханашылардың заманауи қызмет көрсету әдістерін жетілдіру жөнінде пікір алмасты.