31.10.2025
«Үздік өлкетанушы Шөптібай Байділдаұлымен» жобасы аясында Арқалық көпсалалы коледжінің студенттеріне «Оюмен ой айтқан елміз» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Арқалық қаласының құрметті азаматы, өлкетанушы, қолөнер шебері Шөптібай Байділдин қазақтың ою - өрнегінің көпке беймәлім түрлерін танытқан тұлға. Еңбегі келешек ұрпаққа үлгі - өнеге, таптырмас тәлім - тәрбиенің сыр сандығы іспетті. Өз елінің мәдениеті мен дәстүріне жанашыр азаматтың еңбегі оқырмандарға зор рухани тағылым берері сөзсіз.
View the embedded image gallery online at:
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/4594-oyumen-oj-ajt-an-elmiz.html#sigProIdafb38dd089
https://arkalyk-ounb2.kz/novosti-kz/4594-oyumen-oj-ajt-an-elmiz.html#sigProIdafb38dd089





















