Бүгін, Кітапханашылар күніне орай, кітапхана қабырғасында ерекше жылылық пен қуанышқа толы «Кітапханашы - мәдениет пен білім елшісі» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс - шарада кітапханашылардың қоғамдағы рөлі мен еңбегіне ерекше құрмет көрсетілді. Кітапханашы - оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір, рухани байлықтың сақшысы. Бүгінгі мереке - кітапқа деген сүйіспеншілікті дәріптеп, білім мен мәдениетті насихаттаудағы кітапханашылардың еңбегін бағалайтын күн. Барлық әріптестерімізді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге шабыт, оқырманның ыстық ықыласы мен жаңа жетістіктер тілейміз!
«Кітапханашы - мәдениет пен білім елшісі»





















