"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Ауғанның от жалыны»

21.02.2019

 
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Осыған байланысты Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері және қаламыздың қосымшы білім беру орталығының қалалық «Зерде» клубы және «Жанұя» клубының жетекшілері Инабат Күнтуарқызы мен Гаухар Бақытбекқызының ұйымдастыруымен «Ауған ақиқаты» атты ерлік сағаты өтті. Қатысушы көрермендер орталық клуб мүшелері.


Мақсаты: жастарды отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелеу. Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету және олардың ерлігін ұрпақ жадында қалдыру. Шара барысында  «Ауған ақиқаты» атты бейнежазбалар көрсетіліп, «Ауғанның от жалыны» атты кітап көрмесіне шолу жасалынды. Кітап көрмесіндегі Амангелді Жантасовтың «Жартасты жастанған жасақ», «Даңқ» кітаптарына жеке тоқталып, баспа беттеріне шыққан сұрапыл кезеңде өзге елдің тыныштығын сақтауға атсалысқан жерлес ағалары туралы мақалалармен таныстырды. Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз қашанда аман болсын!


«Ауғанның от жалыны» атты кітап көрмесі кітапханамызда жыл бойы тұрақты, толықтырылып отырады.