"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Әйел теңдігінің жыршысы»

15.10.2025

Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына орай, «Бақытсыз Жамал» романы бойынша «Әйел теңдігінің жыршысы» атты оқырман конференциясы өткізілді.

Іс - шара барысында жазушының шығармашылығы мен романда көтерілген әйел теңдігі, әділет пен адамгершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Конференцияға Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері және Кейкі батыр атындағы №4 мектеп пен №7 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты. Елубай Думан, Булат Айдана, Мендеш Ақмаржан сұрақ - жауап кезеңінде қойылған сұрақтарды талқылауға белсене қатысып, өз ой - пікірлерін білдіріп, ойларын қорытындылады.