"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
21.02.2019ж Ұлы даланың жеті қыры

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үнемі тарих ғылымына көңіл аударып, маңызды мәселелерді көтеріп келеді. Соның ішінде «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына жаңаша жазылған әрі құнды ойларымен ерекшеленетініне назар аударуымыз керек.


«Оның маңызы неде?» деген сауалға келсек, ең алдымен қазақтың санасын, қазақ елінің, қазақ ұлтының санасын қалпына келтіру, оның арасында тарихты қалпына келтіру жолдарын қарастырып, жаңа әдіснаманы ұсынып отыр. Қазақ елінің көне заманынан тарихы мол, көптеген жаңалық ашқан ел екеніне айырықша тоқтала

Осыған байланысты  кітапханамыздың абонемент бөлімінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры»  атты мақаласы аясында төрт бөлімнен тұратын тұрақты кітап  көрме ұйымдастырылып, шолу жасалынды. Төрт бөлімді қамтитын бұл көрме  «Рухани қазына», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Тарихи сананы жаңғырту» , «Дала фольклорына мың жыл » яғни жылқыны үйрету, Алтын адам, Ұлы жібек жолы, қазақ жеріндегі технологиялық орталықтардың тарихы және ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетін жинақтау, атақты тарихи, ел билеген тұлғаларымызды, ақындарымыздың еңбектерін терең зерттеп, төл тарихымыздың ешкімнен кем емес екенін тілге тиек етіп, қайта әлемдік өркениетке қосқан үлесінің мол екенін айтады.

Кітап көрменің ерекше бір бөлімі «Ұлы даланың ұлы есімдері» онда Торғай өңірінің батырлары мен ұлы адамдары туралы кітаптар ұсынылған.

Оқырмандар осы бөлімдегі кітаптарға ерекше сұраныс пен қызығушылық танытады олар: «Әбдіғапар хан»  Сүлейменов М., Әлмағамбет Б. «Торғайдағы азаттық көтерілісі: тарихи очерк – зерттеулер»,  Әлмағамбет Б. «Торғайдың топжарғандары: зерттеулер, очерктер, Сәтбаева Ш. Қ.  Бес томдық шығармалар жинағы. 3-томдық Шоқан Уәлихановқа арналған, Байжан А., «Кенесары хан мен Баубек батыр; Аманкелді Иманов пен Кейкі батыр: деректі хикаяттар». Сонымен қатар көрмеде қазақ фольклоры кеңінен таныстырылды.

Мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқырмандар арасында талдау, ел тарихын өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады. Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу.

Іс – шарамыздан студенттер Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы жан – жақты мәлімет алып, маңызды ой түйіп, мақалада айтылған ой – пікірлерді әр қарай жоғары дәрежеде, заманауи түрде жаңаша көзқараспен іске асырады деген ойдамыз

Барлық қала тұрғындары мен қала қонақтарын 2019 жыл бойы жұмыс жасайтын  кітап көрмеге шақырамыз.