"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Қарттарым - асыл қазынам»

01.10.2025

1 қазан - Қарттар күніне орай, Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасында «Қарттарым - асыл қазынам» атты тағылымды кездесу өтті. Іс - шараның басты мақсаты - кітапхана саласында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен кітапхана ардагерлерін құрметтеп, олардың еңбегіне алғыс білдіру, кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Кеш барысында ардагер кітапханашыларға жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылып, өмірлік жолдары мен еңбек жолы жайында естеліктер тыңдалды. Ардагерлердің құрметіне әсем әндер шырқалып, мазмұнды өлеңдер оқылды. Қатысушылар рухани тағылым алып, кітапхана қызметінің дамуына өз үлесін қосқан тұлғалармен жүздесіп, құрмет көрсетті.