"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
18.02.2019ж Зайырлы қоғамдағы жастар келбеті

2019 жыл жастар жылы
Елбасымыз «Еліміздің келешегі – бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты» деген.

Жастар – ұлт  болашағы болғандықтан, қай заманда болса да қоғамның басты тұлғасы. Жастар кез-келген әлеуметтік қатынастарда, рухани игіліктерде  маңызды орын алады. Жастар – бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Әрине, еліміздің келешектегі арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады.

Біз «білім – ғылым- инновациялар» әлеміне қарай жылжып келеміз. Жастар еліміздің әлуметтік, экономикалық және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстылығы жағынан алғанда да болашағы зор қоғамның маңызды бөлшегі екенін сезіне бастады. Жаңаша пайым жасайтын жалынды жастар еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді.

Қазіргі жаһандану заманында студент жастардың қоғамда белсенді тұлға ретінде қалыптасуы үшін ең әуелі білім мен ғылымның тізгінін тең ұстап, белгілі педагог маман болып, шығуы басты шарт. Өйткені, бүгінгі білім алушы білім мен ғылым интеграциясы жолында талаптана жүріп, ертеңін мемлекетті өркендетер жетекші факторларды игере білуі қажет. Мағжан Жұмабаев ағамыздың:

«Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін» – деп  жырлағандай  жастар қоғамымыздың жүрек дүрсілі, өзегі.

Осындай мақсатпен, Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының абонемент бөлімі Жастар жылына байланысты «Зайырлы қоғамдағы жастар келбеті» атты  көрме – үндеу ұйымдастырылып, шолу жасалынды.

Іс – шара барысында абонемен бөлімінің меңгерушісі 2019 жыл жастар жылымен құттықтап, алғыс білдірді. Кітап көрменің мақсаты: болашақ жастардың бойына адамгершілік, имандылық тәрбие беру, жастардың бойында жауапкершілікті арттыру, Отанды, жерді сүюге, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Іс – шарамызға қаламыздың оқу орындарының  студенттері  қатынасты.