"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Әлия, батыр қызы сен халқымның…»

26.09.2025

Кеңес Одағының Батыры, елі үшін жанын қиған жаужүрек қазақ қызы - Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Әлия, батыр қызы сен халқымның…» атты ерлік сағаты Арқалық политехникалық колледжінің жатақханасында өткізілді. Іс - шара барысында батыр арудың қысқа ғұмыры мен ерлікке толы өмір жолын баяндайтын бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға терең әсер қалдырды. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің Әлияға арнаған жүрекжарды өлеңдері оқылып, патриоттық рухтағы «Әлия» әні шырқалды, және білім алушылар арасында викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Бұл тағылымды шара - жастарды елін, жерін сүюге, тарихты құрметтеуге және батырлар ерлігін мақтанышпен насихаттауға бағытталып, рухани - адамгершілік тәрбиенің маңызын көрсетті.