"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Еңбекпен өрілген өмір»

22.09.2025

«2025 - Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында, №2 ОӘҒК - ның ұйымдастыруымен «Еңбекпен өрілген өмір» атты еңбек адамының бенефисі өтті. Табанды еңбегімен еліміздің дамуына өз үлесін қосып жүрген еңбек адамы «QAZ - QAR - LDT» ЖШС, №3 нанқабылдау бөлімінің еңбек және қауіпсіздік инженері Ізтілеу Қайыр Тұрысбекұлы кештің арнайы шақырылған қонағы болды. Сонымен бірге кездесу кешіне Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Катешова С.Г., қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы - Омарова Р.Н. мен Арқалық политехникалық колледжінің студенттері қатысты.

12 жылдан аса ауыл шаруашылығы саласында адал еңбегімен өнегеліктің нышаны бола білген еңбек адамы Қайыр Тұрысбекұлы жастарға диқандардың маңдай терімен жиналған астықты сақтап, ел игілігіне жеткізуде маңызды рөл атқаратын қаламыздың астық қоймасы - элеватордың қызметі мен маңызын, еңбек жолын баяндап, болашақ жас мамандарға ақыл - кеңесін айтты. Әуезді әндер шырқалып, өлең - жырлар оқылған тағылымды кеште «Мамандық - өмір таңдауы» атты кітап көрмесі оқырмандардың назарына ұсынылды.

Шара соңын кітапхана басшысы Алматова С.А. қорытындылай келе, кеш қонақтарына жылы лебізін білдіріп, арнайы сыйлықтарды тарту етті.