"Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы" КММ
0
«Сыршыл суреткер»

22.09.2025

Жазушы Қалихан Ысқақовтың 90 жылдығына орай Арқалық политехникалық колледжінің студенттерімен «Сыршыл суреткер» тақырыбында әдеби сағат өткізілді.

Іс - шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы деректер ұсынылып, кітап көрмесі таныстырылды. Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Қ. Ысқақтың прозалық шығармалары терең таным мен жүректен шыққан шынайы бейнелерімен ерекшеленеді. Жазушының романдары ұлттық әдебиетімізге көркемдік өлшем мен адамзаттық құндылықтарды әкелді.