17.09.2025
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллект, цифрлық технологиялар - ел дамуының басты бағытына айналуы тиіс екендігін айтып өткен болатын.
Осы бағытты іске асыру мақсатында жасанды интеллект технологиясын кітапхана қызметіне енгізу арқылы ақпараттық ресурстарды басқаруды жетілдіру, оқырмандарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және кітапхана қызметкерлерінің заманауи біліктіліктерін жетілдіру жөнінде оқу залының кітапханашысы Гүлзат Арманқызы «Жасанды интеллект кітапхана қызметін автоматтандырудың тиімді құралы» тақырыбында инновация сағатын өткізді.